top of page
Біз әлеуметтік желілерде
  • Одноклассники Social Иконка
  • YouTube Social  Icon
  • Pinterest Social Icon
  • Blogger Социальные Иконка

Біздің клуб

Кітапханалық бірлестіктің төлқұжаты

Атауы: «Собеседник»

Мекенжайы: Қостанай қ., Чкалов к-сі, 1

Телефон нөмірі: 26-22-55

Қай мекеменің негізінде құрылды: «Южный» кітапхана-филиалы

Құрылған жылы: 1987  жылғы  2 қараша

Отырыстар қай жерде өткізіледі: кітапхананың оқу залы

Бірлестіктің  сипаты имандылық-эстетикалық бағытты қамтиды. 

Жұмыс кітап оқу және қарым-қатынас жасау арқылы мәдениеттілікті жоғарылатуға және рухани дамуға бағытталған. 

Қатысушылар саны: 15

Клуб ұраны: 

Если вам взгрустнется,
Книга в дефиците,
Если вам на сердце
Лег кусочек льда,
К нам, в библиотеку,
Вы тогда придите:
С клубом «Собеседник»
Весело всегда!

Біздің міндетіміз:
Көркем әдебиеттің үздік үлгілерін насихаттау,  оқырмандардың көрнекті сөз шеберлерінің шығармашылығына деген терең қызығушылықтарын дамыту, оқудың көркемдік талғамы мен жоғары мәдениеттілігін тәрбиелеу. 

Клубтың мақсаты:

- ересек адамдардың бос уақытын ұйымдастыру, іс-шаралардың түрлі формаларын өткізу жолымен олардың шығармашылық қабілеттерін аша түсу;
- оқырмандардың мәдениеттілік қажеттіліктерін қалыптастыру және қанағаттандыру үшін жағдай жасау;
- оқырмандарды белсенді шығармашылық оқуға, ой-өрісін кеңейтуге қатыстыру;
- халықтың әлеуметтік-жас топтарының қажеттіліктерін есепке ала отырып, мәдениет орталығының заманауи ұйымдастыру формаларын дамыту.

Егер де сіз шығармашыл, әуес және құмар адам болсаңыз, өз маңайында дарынды, қанаттанған, кітапқа ғашық адамдарды топтастырған «Собеседник» клубының іс-шаралары мен кездесулеріне келіңіз. Біз сіздерді клубымыздың отырыстарында күтеміз!

Клуб мүшелерінің құқықтары мен міндеттері:

1. Клуб мүшелері пікірталас тақырыбын таңдауға және ұсынуға құқылы.

2. Кітапхана қорынан көркем әдебиетті  қолдана алады.

3. Клуб жұмысына қатысты кез келген мәселе бойынша шешім қабылдай алады.

4. Клуб мүшелері  үнемі  клуб отырыстарына қатысуға және оның жұмысына араласуға  міндетті.

bottom of page