top of page
Біз әлеуметтік желілерде
  • Одноклассники Social Иконка
  • YouTube Social  Icon
  • Pinterest Social Icon
  • Blogger Социальные Иконка

Кітапхананы пайдалану ережелері

 

  1. Кітапханаға жазылу ушін азаматтар Казакстан Республикасы азаматтығын растайтын жеке куәлігін көрсетеді.

  2. Тұрғылықты мекен-жайынан анықтама әкелуі тиіс.

  3. Оқырмандар формулярын толтырғанда мәліметтер береді.

  4. Мекенжайы және тегі өзгерсе, оқырман кігапхана қызметкерлеріне ескертеді.

  5. Оқырман кітапханаға жазылу кезінде кітапхана пайдалану ережелерімен танысып және міндеттемелерді орындау туралы қол қойып құптау керек.

  6. 16 жаска дейінгі балалар ата-аналарынын немесе өсіріп-өңдіруді міндетіне алған (қамқоршы) адамдардың берген кепілдігі негізінде кітаптапханаға жазылады.

  7. Жалғыз дана анықтамалық басылымдар, сирек кездесетін және құнды шығармалар үйге берілмейді, оларды оқырмандар залында пайдаланады.

  8. Кітапханаға кітаптарды тапсырған кезде оқырман қолы кітапханашының қолымен белгіленеді.

  9. 27.05. 2010 жылы № 280 – 2010 жылдын 3 желтоқсанында күшіне енген 24 бабқа өзгерістер енуі негізінде ҚР Заңнамасына сәйкес кітапхана сирек кездесетін және бағалы басылымдарды беру кезінде, келтірілген зиянның өтемақы көлемі мен түрін, кітапхана қорына оқырман тигізген зиянға кепілдік сомасын белгілеуге құқылы. Мемлекеттік кітапханалардың кітап қорына келтірілген зияннан түскен өтемақы сәйкесінше осы бюджетке аударылады.

 

Окырмандар кукылы

 

  1. Турғылықты мекен-жайы бойынша кітапханаларды пайдалануға;

  2. Баспасөз шығармаларын, ақпараттарды үйге алуға немесе оқырман залында уақытша пайдалану үшін алуға:

3.Оқырман баспасөз шығармаларын және басқа ақпараттарды үйге 30 күн мөлшерінде, балалар кітапханасында 15 күнге дейін алуына болады;

  1. Баска оқырмандар тарапынан оларға сұраныс болмаған жағдайда, баспасөз шығармаларын және басқа ақпараттарды қатарынан екі реттен асырмай пайдалану мерзімін ұзартуға;

5.Анықтамалық-библиографиялық  және ақпараттық қызметтерді, басқа да кітапхананың көрсететін ақысыз және ақылы қызметтерін пайдалануға;

  1. Кітапхананың оқырмандар үшін дайындаған іс-шараларын тамашалап және қатысұға;

  2. Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне және мүгедектерге кезексіз қызмет көрсетіледі.

 

Окырмандар міндетті

 

  1. Баспасөз шығармаларын және кітапхана қорының басқа ақпараттарын кұнттап ұстауға, олардың түгелдігінің қамын ойлауға;

  2. Белгілеген уақытта кітаптарды қайтаруға;

  3. Ашық қордағы кітап орындарын бұзбауға;

  4. Каталог ішінен карточкаларды алмауға;

  5. Формулярға жазылған әр кітап үшін қол қоюға;

Кітапхана қорынан баспасөз шығармаларын және басқа ақпараттарды жоғалтып алған немесе орны толмайтын зиян келтірген оқырмандар, кітапхана тең бағалы деп тапқан сондай баспасөз шығармаларымен (соның ішінде жойылған басылымдардың көшірмелері) ауыстыруға, егер ауыстыру мүмкін болмаса, бағасын он есе артық мөлшерде белгіленген тәртіппен қайтаруға міндетті.

bottom of page