top of page
Мы в социальных сетях
  • Одноклассники Social Иконка
  • YouTube Social  Icon
  • Pinterest Social Icon
  • Blogger Социальные Иконка

«Әзілі салмақты сатира саңлағы» Ахметчин Ғұмар Ғарифоллаұлының 75 жас мерейтойына арналған әдеби сыр-сұхбат кеші болып өтті. Кеш қонағы Ғ. Ахметчинмен кітапханашы А. Сейдахметова сұхбат жүргізді. Кеш барысында жазушы  өзінің өмірбаяны, туып өскен ортасы, шығармашылық жолының қалай бастау алғаны, журналистика саласына келген жолдары, атқарған қызметтері сонымен қатар оқырмандарды қызықтырған тағылымы мол әңгімелер шертті. Кеште  Лабунцова Мария Дәулеткерейдің күйі «Қыз ақжелеңді», саз мектебінің оқушысы Дарина Назарова қобызда ойнап тарту етті. Сонымен қатар, А. Маудановтың «Даңғыл қылып сатираның соқпағын»,  жазушының немересі Ахметчина Ғазизаның «Немере лебізі», қазақ драмтеатр актері Иманов Қабдул-Мәжиттің «Ғұмар аға» атты арнайы түсірілген бейнебаяндары көрсетілді. Студент Асқарова Аида өз тілегін  өлең жолдарымен арнаса, ақындық жолында қалам тартып жүрген Тулепова Айнагүл «Достық» атты өлеңін оқып берді. Сұхбат барысында жазушы тағылымы мол ғибратты ақыл мен нақылға толы тұшымды әңгімелер  айтты.  Сатирик қаламгерге суретші М. Рахалиевтің салған жазушының суреті мен ұжым тартқан сыйлық тарту етілді. Кеш соңында «Сатира сарбазы» деп аталатын көрмені тамашалап, қаламгермен бірге естелік суретке түсті.

bottom of page