top of page
Мы в социальных сетях
  • Одноклассники Social Иконка
  • YouTube Social  Icon
  • Pinterest Social Icon
  • Blogger Социальные Иконка

24 сәуір күні «Южный» қалалық кітапханасында ақын Ғайнижамал Бердалинованың 75 жылдық меретойы қарсаңында «Жыр жүректің бұлағы» атты кездесу кеші болып өтті. Кітапханашы оқырмандарды жергілікті ақынмен кездестіріп, шығармашылығымен жақынырақ таныстырды. Академия курсанттары ақынның мерейтойына домбырада күй шертіп, «Наурыз – жыл басы», «Әйел – ана, еңбеккер» атты өлендерін оқып сыйға тартып, № 19 мектеп оқушылары қазақ биін биледі.  Ғ. Бердалинованың сөзіне жазылған  «Немерелерім» атты әнді «Ақ дариға» хоры орындады. Кездесу барысында Ғайнижамал апай өз өлеңдерін оқып сонымен қатар, өзінің қызықты оқиғаларын әңгімелеп берді. Кездесуге қатысушылар өздерінің тілегін білдіріп алғыс айтты. Кеш соңында ақынға кеш ұйымдастырушылары гүл шоғын тапсырып, ақын кітапханаға естелікке өз қолтаңбасын қалдырды. Кеш барысында ақынның өмірбаяны, шығармалары туралы жазылған арнайы парақшалар таратылды. Ғайнижамал апай кітапхана ұжымына жаңа «Жылдар мен жырлар байлығым» атты кітабын сыйға тартты.

bottom of page