top of page
Мы в социальных сетях
  • Одноклассники Social Иконка
  • YouTube Social  Icon
  • Pinterest Social Icon
  • Blogger Социальные Иконка
Поиск
  • ostrovfilial6

Туған өлкем, Қостанайым!

«Южный» кітапхана-филиалында Қостанай облысының айтулы оқиғалары туралы сыр шертетін басылымдар қойылған «Туған өлкем, Қостанайым!» атты кітап көрмесі құрылды.

Оқырмандар назарына Қостанай қаласының пайда болу және қалыптасу тарихын баяндайтын Кустанай – Қостанай: очерки истории. С древнейших времен до 1936 года» кітабы ұсынылды. «Қостанай облысы», «Жеңіс Паркі – Парк Победы», «Олар Жеңіспен оралды! Они вернулись с Победой» сынды тарихи-публицистикалық кітаптар Қостанай облысының даму тарихына арналған мұрағаттық материалдарды, дереккөздерді, фотоиллюстрацияларды қамтиды.

«Біздің атақты жерлестеріміз» бөлімінде қазақ халқынан шыққан тұңғыш атақты механизатор, Социалистік Еңбек Ері, қоғам қайраткері Кәмшат Дөненбаева туралы әдебиеттер ұсынылған.

«Өлкенің әдеби өмірі» бөлімі халық ақыны, дарынды жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, жерлесіміз Ғафу Қайырбековтың шығармаларымен таныстырады. Сонымен қатар, өлкеміздің танымал тұлғалары – Манаш Қозыбаевтың, Нұржан Наушабаевтың, Серікбай Оспановтың, Александра Суслованың, Татьяна Қайгородцеваның туындылары барша азаматтардың қызығушылықтарын оятуы айқын.

Құрметті оқырмандар, баршаңызды кітапханамызға шақырамыз, бізбен бірге болыңыздар!


Край наш Костанайский! В библиотеке-филиале «Южный» оформлена книжная выставка «Край наш Костанайский!», где представлены издания, повествующие о знаменательных событиях Костанайской области. Вниманию читателей предложена книга «Кустанай – Қостанай: очерки истории. С древнейших времен до 1936 года» об истории возникновения и становления города Кустаная. В историко-публицистических книгах: «Қостанай облысы», «Жеңіс Паркі – Парк Победы», «Олар Жеңіспен оралды! Они вернулись с Победой» представлены архивные и документальные источники, фотоиллюстрации об истории развития Костанайской области. В разделе «Наши знаменитые земляки» представлена литература о первой казахской женщине-механизаторе, Герое Социалистического Труда – Камшат Доненбаевой. В книге «Костанайцы – Герои Труда» она показана настоящим примером трудолюбия, ответственности, мужества и непоколебимости. В разделе «Литературная жизнь края» предложены произведения талантливого народного поэта и писателя, лауреата Государственной премии, нашего земляка Гафу Каирбекова. Также произведения известных личностей нашего края – Манаша Козыбаева, Нуржана Наушабаева, Серикбая Оспанова, Александры Сусловой, Татьяна Қайгородцевой несомненно вызовут интерес у всех граждан. Уважаемые читатели, приглашаем всех в нашу библиотеку!



8 просмотров0 комментариев

Недавние посты

Смотреть все
bottom of page