top of page
Мы в социальных сетях
  • Одноклассники Social Иконка
  • YouTube Social  Icon
  • Pinterest Social Icon
  • Blogger Социальные Иконка
Поиск
  • ЦБС г. Костаная. СП «Южный»

«Латын әліпбиі – тарих және келешек»


18 қаңтар күні «Южный» қалалық кітапханасында «Латын әліпбиі –тарих және келешек» атты іс-шара болып өтті. Мақсаты: Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында қазақ алфавитінің латын әрпіне көшіру мәселесі жөнінде оқушыларға кеңінен ақпарат беріп, насихаттау. Елбасы өзінің бағдарламалық мақаласында руханият саласындағы алда тұрған міндеттерді айқындап берген болатын. Бүгінгі ең өзекті мәселелердің бірі – қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру. Заманның өзі талап еткен бұл бастама көпшіліктің қызу талқысына түсуде. Елбасы әліпбиге көшудің нақты жолдарын айтып, осы мәселе зиялы қауым арасында кеңінен талқылануы қажет екенін алға тартты. Осыған байланысты қоғамда үздіксіз талқыланып жатқан латын әліпбиіне көшу мәселесіне байланысты ой қозғап, ақпараттар беру мақсатында іс-шараға Қостанай облыстық тілдерді дамыту басқармасының жоспарлау, талдау және ақпарттық технологиялар бөлімінің басшысы Бимағанбетов Кенжеғали Әмірғалиұлы шақырылды. Іс шара барысында маман әліпби жайлы тың мағлұматтармен қатысушыларды таныстырып, алдағы уақытта осы әліпбиді қабылдауымызға дайын болу керек екенімізді айтып өтті. Іс-шарада елбасының әліпби туралы түсірілген бейнежазбасы мен латын әліпбиінің бұрынғы көрінісі жайлы деректер қамтылған презентация көрсетілді. Кеш қорытындысында Айбекқызы Апал, Темиржанова Гүлжазира латын әліпбиі жайындағы өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, пікірталасып, ойларымен бөлісті. Латын әліпбиіне көшу – ұлттық нар тәуекел. Тағдырымызды, табиғатымызды, болмысымызды өзгерту. Бірауыздылыққа жету үшін, әлі талай жігер-күш қажет.


22 просмотра0 комментариев

Недавние посты

Смотреть все
bottom of page