«Жан сөзі»
«Южный» қалалық кітапханасында көрнекті жазушы, ақын, қазақтың бес арысының бірі, халықымыздың зор талантты ұлы Мағжан Бекенұлы Жұмабаевтың 125 жыл толуына орай арналған «Жан сөзі» атты әдеби оқу өтті. Іс-шараға Қостанай педагогика - индустриалдық колледж студенттері шақырылды. Кеш басында кітапханашы Мағжан Жұмабаевтың өмірбаяннымен, шығармашылық жолымен, қиын өмірімен іс-шараға қатысушыларды таныстырды. Студенттер ақынның «Анама», «Мен жастарға сенемін!», «Сен сұлу» атты өлең өлендерін мәнерлеп оқып, жылы лебіздерің білдірді. Сонымен қатар, кітапханашы Мағжан туралы бейнеролик көрсетіп, ақынның афоризмдері тыңдалды. Іс-шара соңында жүргізуші «Сәулесі мәңгі сөнбес жұлдыз» атты кітап көрмеге шолу жасады және ақын жайлы кітаптарды алып оқуға шақырды.
















Комментарии