top of page
Мы в социальных сетях
  • Одноклассники Social Иконка
  • YouTube Social  Icon
  • Pinterest Social Icon
  • Blogger Социальные Иконка
04
09
06
05
10
08
07
03
02
01
Поиск

Дәстүр мен мәдениет ұлттық – генетикалық код

  • ЦБС г. Костаная. СП «Южный»
  • 23 нояб. 2018 г.
  • 1 мин. чтения

«Южный» филиал-кітапханасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қазақтану» жобасын бойынша Ш. Қабылбеков атындағы академия курсанттарының 201-оқу тобының қатысуымен іс-шара өтті. Шара барысында өз ошағыңды құрметтеу, толеранттылық, туған жерге сүйіспеншілік, тілге құрмет, қонақжайлылық, адамдар арасындағы қарым-қатынас, олардың ар-ожданы туралы келелі ойлар айтылды. Ұлттық код тақырыбында еліміздің руханиятына, театры мен мәдениетінің дамуына үлес қосып жүрген актер Иманов Қабдул-Мәжит Сүндетұлы өзінің тағлымды әңгімесімен ұлттық құндылықтар, қазақ халқының жаратылысын, табиғатын, рухани бітімін, өмір салтын айқындайтын белгілері мен ұлттық кодымыздың бірегейі домбыра жайлы ой бөлісті. Кеш барысында №14 және № 20 мектептің 8-сынып оқушылары Анеля Мусанова мен Ораз Данияровтың орындауындағы «Адай», «Әлқисса» күйлері тыңдалды. Кеш қонағы М. Мақатаевтың «Арманда» өлеңін оқып, жас курсанттарға батасын берді. Жастар өз тілектерін білдірумен қатар, Есенұлы Нұрбол М.Мақатаевтың «Досыма» өлеңін тарту етті. Ұлттық код ұғымын «қазақи тегіміз, қазақи діліміз, қазақи санамыз бен болмысымыз» деуге болады. Ұлттық код дегеніміз – ұлтымызға тән асыл қасиеттердің жиынтығы


 
 
 

Наш телефон:

тел. +7 (7142) 26-22-55

Наш адрес:

110005, Казахстан, Костанай, Чкалова, 1

bottom of page