Ұлтқа ұйытқы ұлы тұлға
- ЦБС г. Костаная. СП «Южный»
- 7 дек. 2018 г.
- 1 мин. чтения
6 желтоқсан күні «Южный» ҚБ кітапханасында батыр Шақшақ Жәнібек Тархан Қошқарұлының туғанына 325 жыл толуына орай іс шара өтті. Мақсаты: Халық болашағы жолында қамал бұзған қайраткерлерді ұлықтай отырып, мемлекетіміз жас ұрпақты отаншылдық рухында баулу. Тарихи жәдігерлер мен әңгімелер арқылы батыр бейнесінің жаңа қырларын ашу. Шара М.Хәкімжанова атындағы №20 орта мектептің 8-сынып оқушылары қатысты. Отырар сазы оркестірінің орындауындағы «Шақшақ Жәнібек» күйін тыңдаумен ашылған шара батырдың өнегелі өмірі туралы мағлұмат – деректер айтылып, оның тарих беттеріндегі жазылып қалдырылған ерлік істері жайлы баяндаумен жалғасты. Кеш барысында Торғай өңірінде батырдың 300 жылдық тойында өткізілген шарадан көріністер, мешіттің ашылуына байланысты түсірілген бейнетаспаны көрді. Қаламыздығы батырдың құрметіне орнатылған ескерткіштің ашылу салтанатынан бейнебаян көрсетілді. С.Оспановтың «Шақшақ Жәнібек» поэмасынан үзінді А.Алиева мәнерлеп оқыды. Астана қаласындағы батырдың атындағы көше туралы бейнефильмді тамашалаумен аяқталған іс шара өте тағлымды өтті. Шара соңында оқушылар кітапхана қорындағы «Қазақ батырлары», «Шақшақ Жәнібек Қошқарұлы» атты оның батырлығы туралы мақалалар, баспасөз материалдарында жарияланған деректер, суреттер, ұлы тұлғаға арнап жазылған арнау, дастандар мен ерлігін дәріптеген кітаптармен танысты. Іс-шара арқылы бүгінгі ұрпақ ерлігімен ел аузында қалған батырдың ерлігіне бас иді.


Недавние посты
Смотреть всеПодробнее читайте информацию здесь: https://ok.ru/profile/572652312635/statuses/154941756527931