top of page
Мы в социальных сетях
  • Одноклассники Social Иконка
  • YouTube Social  Icon
  • Pinterest Social Icon
  • Blogger Социальные Иконка
Поиск
  • ostrovfilial6

Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ халқының мақтанышы

«Южный» кітапхана-филиалының қызметкерлері танымал ағартушы, қоғам қайраткері, публицист Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған «Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ халқының мақтанышы» атты тарих сағатын өткізді.

Кітапханашы көрнекті ғалым, түрколог, аудармашының өмірбаяны мен шығармашылығын, сондай-ақ қарапайым халықтың мүддесін қорғаған «Алаш» партиясындағы белсенді қызметін паш ететін презентация көрсетті. Балалар Ахмет Байтұрсынұлының музыкамен әуестенгенін, әуендер шығарғанын біліп, оның орындаушылық қырын таныды.

Жас өрендердің назарына «Досыма хат» өлеңі ұсынылған бейнеролик көрсетілді. Балалар Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылығына арналған викторина сұрақтарына белсенді жауап беріп, ақынның туындасына талдау жасады. Кітапхана қызметкері орындауында «Көңіл толқыны» күйін шырқады.

Іс-шара соңына қарай «Ұлттың ұлы ұстазы» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.


Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ халқының мақтанышы


В библиотеке-филиале «Южный» проведен час истории «Ахмет Байтұрсынұлы – қазақхалқыныңмақтанышы», приуроченный к 150-летию известного просветителя, общественного деятеля, публициста Ахмета Байтурсынулы. Библиотекарь в сопровождении презентации рассказала о жизни и творчестве ученого, тюрколога, переводчика, а также о его активной деятельности в рядах партии «Алаш», которая защищала интересы простого народа. Ребята узнали, что помимо просветительской деятельности, Ахмет Байтұрсынулы увлекался музыкой, сам сочинял мелодии и был исполнителем. Вниманию детей был представлен видеоролик, в котором прозвучало стихотворение «Досыма хат». Ребята активно отвечали на вопросы викторины по творчеству Ахмета Байтұрсынулы и анализировали произведения известного поэта и писателя. В ходе мероприятия прозвучал кюй «Көңіл толқыны» в исполнении сотрудника библиотеки. Завершилось мероприятие обзором книжной выставки «Ұлттың ұлы ұстазы».




3 просмотра0 комментариев

Недавние посты

Смотреть все
bottom of page