top of page
Мы в социальных сетях
  • Одноклассники Social Иконка
  • YouTube Social  Icon
  • Pinterest Social Icon
  • Blogger Социальные Иконка
04
09
06
05
10
08
07
03
02
01
Поиск

«Жыл кітабын оқимыз»

  • ostrovfilial6
  • 26 мар. 2022 г.
  • 1 мин. чтения

«Южный» кітапхана-филиалының қызметкерлері «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында қазақ халқының көрнекті ақыны, мемлекет қайраткері, әдебиет зерттеушісі, ұстаз, аудармашы, түркітанушы, ағартушы, қазақ жазуының реформаторы, публицист, қазақ тіл білімінің және әдебиеттанудың негізін қалаушы, «Алаш-Орда» партиясының мүшесі Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай Қостанай индустриалды-педагогикалық колледжінде «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында «Жыл кітабын оқимыз» атты іс-шара өткізді. Іс-шара барысында кітапханашы Ахмет Байтұрсынұлының зерттеу жұмыстары мен өлеңдері жинақталған «Бес томдық шығармалар» және «Әдебиет танытқыш» жинақтарына тоқталды. Қатысушылар назарына ағартушының болашақ ұрпаққа қазақ тілін меңгертуге арналған мақалаларын және мұрағаттардан табылған құжаттарды қамтитын «Ахмет Байтұрсынұлының тілтанымдық мұрасы» оқу құралы ұсынылды. Сонымен қатар, Ахмет Байтұрсынұлының өмірбаяны мен шығармашылық қызметі туралы ақпаратты қамтитын «Дәстүр» журналында жарияланған «Жазған сөз жаным ашып АЛАШЫМА», мақаласы, сондай-ақ «Ана тілі», «Егемен Қазақстан» газеттерінде жарық көрген мақалалар таныстырылды. Читаем книгу года В рамках акции «Одна страна – одна книга», к 150-летнему юбилею казахского поэта, государственного деятеля, литературного исследователя, учителя, переводчика, тюрколога, просветителя, публициста, реформатора национального письма, основателя казахской лингвистики и литературоведения, члена партии Алаш-Орда Ахмета Байтурсынулы сотрудники библиотеки-филиала «Южный» в Индустриально-педагогическом колледже провели мероприятие «Читаем книгу года». В ходе мероприятия библиотекарь отметила сборники «Бес томдық шығармалары» и «Әдебиет танытқыш», в которых собраны исследовательские работы и стихи Ахмета Байтурсынулы. Отдельного внимания присутствующих привлекло учебное пособие «Ахмет Байтұрсынұлының тілтанымдық мұрасы», в нем представлены архивные документы по разработке учебного материала для будущих поколений, которые были разработаны просветителем в свое время. Также представлена статья «Жазған сөз жаным ашып АЛАШЫМА» из журнала «Дәстүр», статьи из газет «Ана тілі» и «Егемен Қазақстан», в которых отражены жизненн


 
 
 

Comments


Наш телефон:

тел. +7 (7142) 26-22-55

Наш адрес:

110005, Казахстан, Костанай, Чкалова, 1

bottom of page