«Көркем сөзбен – көркем сөйлеймін»
- ostrovfilial6
- 17 февр. 2020 г.
- 1 мин. чтения
«Соғыстың салған іздері жазушы шығармаларында: Қазақстан авторлары Ұлы Отан соғысы туралы» мәнерлеп оқу байқауы өтті. Сайыскерлердің өнерін бағалау үшін Қазақ драм театр актері Иманов Қабдул-Мәжіт Сүндетұлы және Коржумбаева Акмарал Тумырзаевна орталық балалар кітапханасының қызметкері шақырылды. Байқауға бағын сынау үшін М. Хәкімжанова атындағы № 20 орта мектебінің 5-сынып оқушылары Валиханова Інкәр – М. Мағауин «Бір атаның балалары», Айдарбекова Жібек Ә. Нұршайықов – «Сыйлық», 6-сынып оқушысы Нурпейсова Дильназ – С. Мұратбеков «Жусан иісі» повесінең үзінді оқыды. Балалар ана тілімізді ардақтап, сөз құдіретімізді қастерлеп, мәнерлеп оқу байқауында өз шеберлігін көрсеті. Жеңімпаздарға мадақтама және сыйлықтар табысталды.




















Комментарии