Көрнекті ақын және патриот
- ostrovfilial6
- 17 мая 2022 г.
- 2 мин. чтения
«Южный» кітапхана-филиалында Қазақстанның халық жазушысы Сырбай Мәуленовтің туғанына 100 жыл толуына орай «Көрнекті ақын және патриот» атты әдеби кеш өтті. Кітапханашы ақынның шығармашылық қызметі туралы баяндап, оның «Солдат сыры», «Жасырынбақ», «Жыл жыры» және т.б. өлеңдерінен үзінділер оқыды. Іс-шараға А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің жанындағы Ө. Сұлтанғазин атындағы педагогикалық институтының тілдер және әдебиет теориясы кафедрасының қауымдастырылған профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Бекбосынова Әсия Хасанқызы қатысты, тіл маманы Сырбай Мәуленов өлеңдерінің тілдік, көркемдік ерекшеліктеріне тоқталды. Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми хатшысы Оташева Назима Қуанышбайқызы музей қорында сақтаулы құжаттар, фотосуреттер мен бұйымдар туралы сөз қозғады. Сырбай Мәуленов атындағы гимназияның жоғары сынып оқушылары ақынның «Мектеп», «Бірінші класс» және «Қазақ тілі» өлеңдерін оқып, қаламгердің поэзиясына қатысты пікірлерімен бөлісті. А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің студенті Қасым Маханбетов асыл сөз шеберінің туған өлкеге арнап жазған «Туған жермен сырласу» өлеңін оқыды. Іс-шара соңына қарай «Сыршыл жырдың саңлағы» атты тақырыптық сөреге шолу жасалды.

«Выдающийся поэт и патриот»
В библиотеке-филиале «Южный» прошел литературный вечер «Выдающийся поэт и патриот» к 100-летию со дня рождения народного писателя Казахстана Сырбая Мауленова. В сопровождении презентации библиотекарь рассказала о творческой деятельности поэта, прочитала отрывки его стихотворений «Солдат сыры», «Жасырынбақ», «Жыл жыры» и др. На вечере выступила ассоциированный профессор кафедры теории языков и литературы педагогического института имени У. Султангазина Костанайского регионального университета имени А. Байтурсынова, кандидат филологических наук Асия Хасановна Бекбосынова, которая рассказала о языковых особенностях стихов Сырбая Мауленова. Также научный секретарь Костанайского областного историко-краеведческого музея Оташева Назима Куанышбаевна в своем выступлении рассказала о документах, фотографиях и предметах, хранящиеся в фондах музея. Старшеклассники гимназии имени Сырбая Мауленова прочитали стихи поэта «Мектеп», «Бірінші класс» и «Қазақ тілі», также поделились своими мыслями о его поэзии. Студент Костанайского областного университета имени А. Байтурсынова Касым Маханбетов прочитал стихотворение «Туған жермен сырласу», посвященное родному краю. В конце мероприятия был проведен обзор тематической полки «Сыршыл жырдың саңлағы».
Недавние посты
Смотреть всеПодробнее читайте информацию здесь: https://ok.ru/profile/572652312635/statuses/154941756527931
Commentaires