top of page
Мы в социальных сетях
  • Одноклассники Social Иконка
  • YouTube Social  Icon
  • Pinterest Social Icon
  • Blogger Социальные Иконка
04
09
06
05
10
08
07
03
02
01

Нұр-Сұлтан – бейбітшілік пен келісім қиылысы. Нур-Султан – перекресток мира и согласия

  • ostrovfilial6
  • 2 июл. 2021 г.
  • 2 мин. чтения

Астана күніне орай «Южный» кітапхана-филиалында «Нұр-Сұлтан – бейбітшілік пен келісім қиылысы» ақпараттық сағаты өткізіліп, оған ҚР ІІМ ҚАЖК Қостанай облысы бойынша қылмыстық-түзету жүйесі департаментінің қызметкерлері қатысты. Іс-шара басында қалалық мәслихат депутаты Гүлфия Төлегенқызы Дәндібаева Тұңғыш Президенттің біздің елордамыздың қалыптасуындағы рөлінің маңыздылығын, еліміздің заманауи келбеті Нұрсұлтан Назарбаевтың уақытылы және маңызды шешімдерінің арқасында қалыптасқанын атап өтті. Елбасының бүгінгі таңдағы ең маңызды жетістігі – еліміздің Тәуелсіздігі. Міне, 30 жыл бойы біз бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп келеміз. Кітапханашы елордамыз Нұр-Сұлтанның бүгіні мен өткені, еліміздің бас қаласының Тәуелсіздігінің нышаны ретіндегі мәртебесі, сондай-ақ елорданың басты көрікті жерлері – Президенттік мәдениет орталығы, Бәйтерек, «Думан» ойын-сауық орталығы, Бейбітшілік және келісім сарайы туралы әңгімеледі. Н. Ә. Назарбаевтың «Еуразия жүрегінде» кітабына ерекше назар аударылды, онда Елбасы өзінің жаңа астанаға деген көзқарасын, оның философиясын, эстетикасын, оның сәулеттік келбетінің негізгі тұжырымдамасын көрсетті. Іс-шара соңында тыңдаушылар үшін «Ел мақтанышы – оның астанасы» кітап көрмесіне шолу жасалды.


Ко Дню столицы в библиотеке-филиале «Южный» проведен информационный час «Нур-Султан – перекресток мира и согласия», участниками которого стали сотрудники Департамента уголовно-исправительной системы по Костанайской области КУИС МВД РК. В начале мероприятия депутат городского маслихата Гульфия Тулегеновна Дандыбаева отметила значимость роли Первого Президента в становлении нашей столицы, о том, что современный облик нашей страны сформировался во многом благодаря своевременным и значимым решениям Нурсултана Назарбаева. Самое важное достижение Елбасы, которое все мы ощущаем сегодня – Независимость страны. Вот уже 30 лет мы живем в мире и согласии. Библиотекарь рассказала о настоящем и прошлом нашей столицы Нур-Султане, о статусе главного города страны как символе ее Независимости, а также о главных достопримечательностях столицы – Президентском центре культуры, Байтереке, развлекательном центре «Думан», Дворце мира и согласия. Особое внимание было уделено книге Н. А. Назарбаева «В сердце Евразии», в которой Елбасы отразил свое видение новой столицы, ее философию, ее эстетику, основную концепцию ее архитектурного облика. В завершение мероприятия для слушателей проведен обзор книжной выставки «Гордость страны – ее столица».


 
 
 

Comments


Наш телефон:

тел. +7 (7142) 26-22-55

Наш адрес:

110005, Казахстан, Костанай, Чкалова, 1

bottom of page