top of page
Мы в социальных сетях
  • Одноклассники Social Иконка
  • YouTube Social  Icon
  • Pinterest Social Icon
  • Blogger Социальные Иконка
Поиск
  • ostrovfilial6

Оқымпаз балалар қаласы.Читающий город детства

Балаларға арналған кітаптар – жаңалық жаршысы, адамның жан серігі, жеке тұлғаны дамытатын құрал. Кітап жаңа ұғымдармен, түсініктермен, таңғажайып әлеммен таныстырады, тың идеяларды тудырады. «Южный» кітапхана-филиалында жас оқырмандар үшін сан түрлі мазмұндағы кітаптар қойылған «Оқымпаз балалар қаласы» кітап көрмесі құрылды. Балалар «Баға жетпес мұра» бөлімінде ұсынылған кітаптардан тарихи оқиғалармен таныса алады, мәселен, Ж. Қасымбаевтың «Абылай хан» кітабына биыл 310 жыл толады. «Сто тысяч «Почему?» бөлімінде ұсынылған кітаптар жас өрендердің танымдық қабілеттерін арттыруға бағытталған. «Динозаврлар» энциклопедиясы динозаврлардың эволюциясы туралы әңгімелейді. «Білімқұмар отбасы» бөлімінде азаматтарды ізгілікке, адалдыққа баулитын, отбасылық құндылықтарды насихаттайтын шығармалар ұсынылған. Әлия Беркімбаеваның «Дәуіт атайдың ертегілері» кітабында соғыстан кейінгі өмір, балалардың бастан кешірген қиын сәттері, бір-біріне деген қолдауы, достығы суреттеледі. «Сүйікті шығармалар» бөлімінде ғажайып, шытырман оқиғаларға толы басылымдар қойылған. Николай Носовтың әңгімелері бүлдіршіндерді көңілді, өмірге құштар, жағымды көңіл-күй сыйлайтын кейіпкерлермен таныстырады. «Ертегілер керуені» бөлімі оқырмандардың қиялын ұштайды, ой-өрісін дамытады. «Алдар Көсе хикаялары» кітабы айлакер, қайырымды, әділетсіздікке қарсы күресіп, қорғансыздарға көмектесетін, әзілкеш, әлеуметтік теңсіздікке қарсы күресуші адаммен таныстырады. Кішкентай оқырмандар, Сіздерді асыға күтудеміз!

Невозможно переоценить роль детской книги в формировании личности. Она – наш верный друг с юных лет, который всегда научит новому, откроет удивительный мир увлекательных путешествий и интересных открытий. Книжная выставка «Читающий город детства» ждет своих читателей в библиотеке-филиале «Южный». Для ребят на выставке разместили книги различной тематики, на которой можно узнать об исторических событиях, прочитав книги из раздела «Дорогое наследие». В этом разделе представлена книга Касымбаева Ж. «Абылай хан», которому в этом году исполняется 310 лет со дня рождения, из которой можно узнать о жизненном пути Абылай хана. Расширить кругозор и получить ответы на многие вопросы поможет литература из раздела «Сто тысяч «Почему?»». Так, детская энциклопедия «Динозавры» расскажет об эволюции динозавров, которых было более 50 видов. В разделе «Читаем всей семьей» представлены произведения, которые можно почитать вместе со взрослыми, они научат добру, справедливости, семейным ценностям. Книга Алии Беркимбаевой «Сказки деда Даута» представляет собой интересную повесть-сказку о жизни послевоенных детей, о голоде, о том, как они делились хлебом, о своих нравственных чувствах друг к другу и верной дружбе. В разделе «Любимые страницы» представлена литература, которая «открывает» беззаботный и весёлый мир детства, полный удивительных открытий, фантазий и сказочных приключений. Рассказы Николая Носова знакомят с веселыми, забавными героями. Прочитав эти книги, заряжаешься добрым оптимизмом, хорошим настроением и светлыми чувствами. Сказочный, волшебный мир раскроет раздел «Караван сказок» книга «Алдар көсе хикаялары» познакомит с творческим лжецом, с хитрым, но очень добрым человеком. Эти и другие издания ждут наших маленьких читателей!





3 просмотра0 комментариев

Недавние посты

Смотреть все
bottom of page