top of page
Мы в социальных сетях
  • Одноклассники Social Иконка
  • YouTube Social  Icon
  • Pinterest Social Icon
  • Blogger Социальные Иконка
04
09
06
05
10
08
07
03
02
01
Поиск

Сөйле жүрек

  • ostrovfilial6
  • 29 апр. 2022 г.
  • 2 мин. чтения

«Южный» кітапхана-филиалында танымал қазақ жазушысы, журналист-публицист, ақын, драматург, аудармашы, Қазақстанның құрметті журналисі, халықаралық шығармашылық академиясының корреспондент-мүшесі, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері Ақылбек Қожаұлы Шаяхметтің шығармашылығына арналған «Сөйле жүрек» атты әдеби-музыкалық кеш өтті. Іс-шара «Еркеназ» би ұжымының өнерінен басталды. Іс-шара қонағы Ақылбек Қожаұлы қатысушыларға шығармашылық қызметтің қырларын, ақындық жолға қалай бетбұрғанын баяндады және орыс тіліне аударылған шығармаларын оқып берді. М. Хакімжанова атындағы № 20 мектептің оқушылары автордың өлеңдерін жатқа оқыды. Іс-шара барысында «Ұлы дала тұлғалары» атты бейнеролик және ақынның «Ыбырай өсиеті» пьесасынан үзінді көрсетілді. Әнші-композитор, халықаралық байқаулар мен фестивальдердің лауреаты Азамат Мұқатовтың орындауындағы Ақылбек Шаяхметтің сөзіне жазылған «Анашым» әні шырқалды. Кітапханашы «Мәриям шамшырактары» домбыра ансамблінің сүйемелдеуімен «Домбыра» өлеңін жатқа оқыды, қолына домбыра алып, Д. Қалқаевтың «Қостанайым» әнін орындады. Іс-шара соңына қарай Ақылбек Қожаұлының шығармалары ұсынылған «Кәусар сөз зергері» атты тақырыптық сөреге шолу жасалды. В библиотеке-филиале «Южный» прошла литературно-музыкальная гостиная «Сөйле жүрек», посвященная творчеству Акылбека Кожаулы Шаяхмет, известного казахского писателя, журналиста-публициста, поэта, драматурга, переводчика, почетного журналиста Казахстана, члена-корреспондента Международной академии творчества, деятеля культуры Республики Казахстан. Мероприятие открыли участники танцевального коллектива «Еркеназ». Гость мероприятия Акылбек Кожаулы рассказал о своем творческом пути, о том, как он начал писать стихи для детей, прочитал произведения, переведенные на русский язык. Учащиеся школы № 20 имени М. Хакимжановой прочитали наизусть стихи автора. В ходе мероприятия были показаны видеоролик «Ұлы дала тұлғалары», и отрывок из пьесы акына «Ыбырай өсиеті». Прозвучала песня «Анашым» в исполнении певца-композитора, лауреата международных конкурсов и фестивалей Азамата Мукатова, написанная на слова Акылбека Шаяхмет.

Библиотекарь прочитала наизусть стихотворение гостя «Домбыра» в сопровождении домбрового ансамбля «Марьям шамшырактары», а затем исполнила песню Д. Калкаева «Костанайым» на слова Акылбека Шаяхмета в сопровождении домбры. В конце мероприятия был проведен обзор тематической полки «Кәусар сөз – зергері», где были представлены произведения Акылбека Кожаулы.

 
 
 

Commentaires


Наш телефон:

тел. +7 (7142) 26-22-55

Наш адрес:

110005, Казахстан, Костанай, Чкалова, 1

bottom of page