top of page
Мы в социальных сетях
  • Одноклассники Social Иконка
  • YouTube Social  Icon
  • Pinterest Social Icon
  • Blogger Социальные Иконка
04
09
06
05
10
08
07
03
02
01
Поиск

Қолөнер – сырлы өнер

  • ostrovfilial6
  • 14 апр. 2022 г.
  • 1 мин. чтения

«Южный» кітапхана-филиалында мүсінші, суретші Мұханбетқали Рахалиевпен «Қолөнер – сырлы өнер» атты кездесу кеші өтті. Өнердің әр түрін меңгергендіктен қолөнер шебері Мұханбетқали Рахалиевті жан-жақты адам деп атайды. Ол кескіндеме, портрет, мүсін, карикатура, ағаш өңдеу жанрларындағы шығармашылық ізденістерінің нәтижелерімен бөлісті. Оқушылар домбыра жасауға арналған материалдармен, оның жасалу кезеңдерімен танысты. Қатысушылар ішекті өздері созып, домбыра аспабына салуды үйренді. Шебердің қолынан шыққан домбырада кітапханашы «Салдәурен» халық әнінін шырқады. Бейнематериалдың сүйемелдеуімен А. Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің В. Двуреченский атындағы ауылшаруашылық институтының студенттеріне, кітапханашылар ұрпақтан-ұрпаққа берілетін ұлттық қолөнердің қазақ халқының өміріндегі алатын орны, мұра болып келе жатқан қолөнер түрлері туралы айтып берді. Іс-шара соңында «Ұлттық өнер – ұрпаққа мұра» атты тақырыптық сөреге шолу жасалып, ұлттық қолөнердің тарихы мен ұлттық бұйымдарды жасау әдістері, Мұханбетқали Рахалиевтің авторлық қолөнер бұйымдары ұсынылды.

В библиотеке-филиале «Южный» проведена встреча «Қолөнер – сырлы өнер» со скульптором, художником Муханбеткали Рахалиевым. Мастера рукоделия Муханбеткали Рахалиева называют универсалом, так как он умеет работать в разных видах искусства. Он поделился результатами творческого поиска в жанрах живописи, портрета, скульптуры, карикатуры и изделий из дерева. Студенты познакомились с материалами для изготовления домбры, познакомились с этапами ее создания. Участники учились сами натягивать струны и накладывать их на инструмент домбры. На домбре изготовленной мастером, библиотекарь исполнила народную песню «Салдәурен». В сопровождении видеоматериала студентам сельскохозяйственного института имени В. Двуреченского Костанайского регионального университета имени А. Байтурсынова библиотекари рассказали о важной роли национальных ремесел в быту казахского народа, были представлены виды ремесел, которые передаются из поколения в поколение. В завершение мероприятия был проведен обзор тематической полки на тему «Ұлттық өнер – ұрпаққа мұра», на которой представлены труды по истории национальных ремесел и способы изготовления национальных изделий, а также предметы авторского ремесла Муханбеткали Рахалиева.


 
 
 

Comments


Наш телефон:

тел. +7 (7142) 26-22-55

Наш адрес:

110005, Казахстан, Костанай, Чкалова, 1

bottom of page